Семейдегі №9 мектептің директоры бастауыш сынып оқушысын жоғары сынып оқушыларының ұруына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Абай облысының білім басқармасының мәліметінше, тәрбие жұмысының нашар ұйымдастырылуына байланысты бірқатар мектеп басшыларына тәртіптік шаралар қолданылған.
№9 мектеп директоры қызметінен босатылса, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған. №15 мектеп пен Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" лицей-интернатының директорларына ескерту берілген. Сынып жетекшілер мен мектеп психологтары да жауапкершілікке тартылған.
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен бұл жағдайды талқылағанын айтты.
Оның айтуынша, балаға шабуыл жасаған екі жасөспірімнің ата-аналары бұған дейін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралған, өйткені олар балаларын дұрыс тәрбиелемеу бойынша есепке алынған.
Еске сала кетейік, 24 ақпанда әлеуметтік желіде бір топ мектеп оқушыларының қорланып, соққыға жығылған құрбыларына қатыгездік танытқан видео тараған болатын.Жан түршігерлік кадрлардың астындағы түсініктемелерде видеоның Семей қаласында, 343-ші ауданда түсірілгені айтылған. Жасөспірімдердің мектеп оқушысын қарда қалай ұрғаны, барлығын видеоға түсіріп алған. Жазбаларда әдепсіз сөздер қолданылады.