"Ораза айында азық-түлік бағасы қымбаттамайды"

1401
Adyrna.kz Telegram

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде картоп бағасы 0,6 пайызға түсткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс отырсынан кейін журналистер Арман Абайұлына картоп бағасына байланысты сұрақ қойды. «Картоп бағасының өсімі халықтың наразылығын тудырғанмен ол әлі күнге оң шешімін тапты деп айта алмаймыз. Дәл қазіргі таңда «Магнум» қосымшасында картоп 359 теңгеге сатылып жатыр. Ал біз бұл сұрақты ауыл шаруашылығы министріне қойғанымызда «Қоймада картоп жеткілікті. Тек бұл жерде алыпсатарлардың әрекеті бағаны ойнатып отыр» деген болатын. Ауыл шаруашылығында елге қолжетімді бағада картоп бар болса, оны нарыққа енгізуге не кедергі?» деп сұрады журналист.

Арман Абайұлының айтуынша, қазіргі таңда нарықта өзімізде өндірілген картоп жеткілікті.
«Кеше ғана біздің сауда желілеріне 240 теңгеден сатылуы тиіс 15 мың тонна картоп жібердік. Біздің өндірушілер транспорттық шығындарды қосқанда картопты 220-240 теңгеге сатуға дайын. Сіз картоп бағасының қымбаттауы сауда желісінің мәселесі ме деп сұрап отырсыз ғой. Біз бұл мәселені жан-жақты қарастырып, 100-ге жуық әкімшілік іс қозғадық. Қазіргі таңда бізде ешқандай заң бұзған фактілер жоқ. Өзіңіз айтқан «Small», «Magnum» сауда желілерінде картор 180 теңгеге сатылып жатыр. Ал егер импорттың картобы болса, 300 теңге секілді әртүрлі бағада бар. Бірақ қазіргі таңда бізде картоп жеткілікті, ешқандай проблема жоқ. Өткен аптаның индексі бойынша картоп бағасы 0,6 пайызға түсті», – деді министр.

Сондай-ақ журналист «Ораза айы қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттап немесе тапшылыққа байланысты ажиотаж болып кетпей ме?» деп министрден сұрады. Арман Абайұлы «Ешқандай ажиотаж болмайды» деп сендірді.

«Біздің сауда желілер бағаны төмендету үшін әр түрлі акция өткізетін болады. Бір сөзбен айтқанда ораза айының кезінде азық-түлік бағасы көтерілмейді», – деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер