Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салынбақ

1050
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов палатаның отырысында жыныс ауыстыруға тыйым салу керек екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнама жыныстық сәйкестік бұзылысы бар, 21 жасқа толған және ақыл-есі дұрыс азаматтарға жынысын ауыстыруға рұқсат береді. Алайда ол бұл жағдайды қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Магеррамовтың пікірінше, жыныстық сәйкестік бұзылысы – бұл белгілі бір психикалық немесе мінез-құлықтық ауытқу, сондықтан оны хирургиялық немесе гормоналды жолмен түзету дұрыс емес.

"Егер адамның физикалық аномалиясы болмаса, бірақ өзін басқа жыныста сезінсе, бұл мәселе психикалық немесе мінез-құлықтық ауытқумен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан дені сау адамға операция жасау орынсыз", – деді депутат.

Сонымен қатар, ол мінез-құлықтық немесе психикалық ауытқуларды хирургиялық әдіспен "емдеудің" қисынсыздығын атап өтті.

"НПК фракциясы заңға өзгерістер енгізілгенге дейін жыныс ауыстыру операциясына тыйым салуды талап етеді", – деп мәлімдеді Магеррам Магеррамов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер