Израиль Газа секторындағы бітімді ұзартуды қарастыруда

905
Adyrna.kz Telegram
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

Израиль Газа секторында қалған 63 тұтқынды қайтару үшін 42 күндік бітімді ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-қа сілтеп.

Алайда, атысты тоқтатудың екінші кезеңі бойынша келіссөздер кейінге шегерілді.

Бітімнің бірінші кезеңі 19 қаңтарда күшіне еніп, сенбі күні аяқталуы тиіс. Бірақ оның әрі қарай қалай жалғасатыны әзірге белгісіз.

"Біз аса сақтық танытып отырмыз. Қазіргі бітімді жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармаймыз, бірақ ол біздің тұтқындарымыз қайтарылған жағдайда ғана іске асады. Олар аман-есен оралуы керек", – деп мәлімдеді Израильдің сыртқы істер министрінің орынбасары Шаррен Хаскель Иерусалимде өткен баспасөз мәслихатында.

Екінші кезеңнің аясында қалған тұтқындарды босату және Израиль әскерін Газадан толық шығару қарастырылған. Егер жұмаға дейін келісімге қол жеткізілмесе, әскери қақтығыс қайта жалғасуы мүмкін немесе жағдай тұйықталып, бітім сақталғанымен, тұтқындар қайтарылмай қалуы ықтимал. Сонымен қатар, Израиль Газадағы гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қоя алады.

Reuters агенттігінің дереккөздері Израиль мен ХАМАС-тың бітімнің екінші кезеңі бойынша келіссөздер жүргізбегенін хабарлады.

Қазіргі таңда 33 израильдік тұтқынның 29-ы босатылды, сонымен қатар бес тайландтық азамат та еркіндікке шықты. Олар жүздеген палестиналық тұтқындармен алмастырылды. Дегенмен, тағы төрт израильдіктің денесі әлі табысталмаған.

Израиль 600-ден астам палестиналық тұтқынды босатуды кейінге қалдырып отыр. Ел билігі ХАМАС-ты келісімді бұзды деп айыптап, израильдік тұтқындарды Газа секторында көпшілік алдында жария түрде босатуды ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер