Лицензиясыз мектеп. Ата-аналар ақшасын қайтара алмай жүр

859
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pinterest
Фото: Pinterest

Атырауда ата-аналар жекеменшік мектептің жабылуына байланысты шу шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 31-арнаға сілтеп.

Жарнамасы жер жарған лицейдің лицензиясыз жұмыс істегені анықталып, оқу орныны жұмысын тоқтатқан. Бір жылдық оқу ақысын алдын ала төлеп қойған ата-аналар қаражаттарын қайтара алмай жүр.

Әлеуметтік желілерде мектептің жарнамасы кеңінен тараған. Жарнамаға сәйкес, таңертең білім ордасына кірген оқушылар кешкі алтыға дейін түрлі үйірмелерге қатысып, шет тілін үйреніп, тамақ ішіп, үй тапсырмасын орындап, жан-жақты білім алуы тиіс болған. Осы уәделерге сенген ата-аналар балаларын мектепке беріп, оқу ақысын толық төлеп қойған.

Алайда, оқу орны екі ай бұрын жұмысын тоқтатқан.  Ата-аналардың айтуынша, оқу ақысы әр балаға 700 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін төленген.

Жауапты департамент өкілдерінің айтуынша, мектеп 2024 жылдың қыркүйегінде ашылып, 200-ден астам баланы қабылдаған. Бірақ, лицензиясыз жұмыс істегендіктен, оның қызметі тоқтатылған.

"Мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметімен айналысуға болмайды. Бұл мектеп лицензия алу үшін бірде-бір рет өтініш түсірмеген. Біз лицензиясыз жұмыс істеп жатқандарын анықтап, іс материалдарын жинақтап, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдадық. Ата-аналар мектеппен жасалған шартқа сәйкес, Азаматтық кодекс бойынша сотқа жүгіне алады", – деді Атырау облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердікбек Таишев.

Мектеп басшылығы ата-аналардың ақшасын толық қайтаратынын жазбаша түрде хабарлаған. Ал полиция "Алаяқтық" бабы бойынша тергеуді бастады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер