2026 жылы Астанада сүт зауыты ашылады

1022
Adyrna.kz Telegram

23 ақпанда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты шаһарда қандай іс-шаралар жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қаламызда азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізетін кәсіпорындар ашуды ары қарай жалғастырамыз. Мен тамақ өнеркәсібін, логистиканы, сауданы және тағы басқа дамытатын жаңа әрі салынып жатқан кәсіпорындарды аралап шықтым. «RnR Group» ЖШС кәсіпорындар кешенінің жұмысымен таныстым. Ол – тәулігіне 25 тонна өнім шығаратын нан зауыты және көкөніс қоймасы.  2026 жылы тәулігіне 100 тонна сүт өңдейтін зауыт ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаға тартылған жеке инвестициялар сомасы 8,1 млрд теңгені құрады. Қазірдің өзінде 250-ге жуық жұмыс орны ашылды»,—деп түсіндірді ол.

Айтуынша, биыл жеке инвестициялар есебінен Сарайшық ауданында «Технодом» дүкендер желісінің орталық қоймасын ашу жоспарланып отыр. Жобаға тартылған инвестиция 11,1 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Пікірлер