Өзбекстан әскерінде жасанды интеллект пен дрондарға қарсы жаңа бөлімдер құрылмақ

956
Adyrna.kz Telegram
Сурет: www.istockphoto.com
Сурет: www.istockphoto.com

Өзбекстан қарулы күштерінде дрондармен күрес, роботтарды қолдану, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын киберқұрылымдар пайда болады. Мұндай тапсырманы ел президенті Шавкат Мирзиёев Қауіпсіздік кеңесінің 21 ақпанда өткен отырысында берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, армияны дамытуда қазіргі заманғы әскери қақтығыстар мен соғыс жүргізу әдістерін ескеру қажет. Әсіресе жасанды интеллект, роботтандырылған жүйелер, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын кеңінен қолдану мәселесіне ерекше назар аудару керек.

Сонымен қатар, әскери басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және кадрларды даярлаудың заманауи әдістерін енгізу жоспарланып отыр.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында "Бас сержанттар корпусын" жетілдіру, қорғаныс өнеркәсібін дамыту, әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелері де талқыланды.

Мемлекет әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту шараларын жалғастырып келеді. Қазірге дейін 30 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, екі мыңнан астам бала жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер алған.

Өзбекстан қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуды жалғастыруда. Елдің әскери өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықты, ал армия халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 20-дан астам елмен байланыс орнатып, 400-ден астам бірлескен әскери жаттығуға қатысқан.

Президент Шавкат Мирзиёев 21 ақпанда қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің инновациялық технологиялар орталығында болып, жаңа әскери әзірлемелермен танысты. Бұл орталық 80-ге жуық әскери техника түрін шығарады.

Өзбекстан халықаралық әскери көрмелерге де белсенді қатысып келеді. IDEX-2025 көрмесінде (БАӘ) елдің әскери техникалары, оның ішінде "Арслон 8x8" және "Арслон 6x6" бронетранспортерлері, "Туфон" өздігінен жүретін гаубицасы шетелдік серіктестер тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер