"Америка ашқан қазақтар". АҚШ архивтеріндегі қазақ тарихы туралы жаңа кітап

1822
Adyrna.kz Telegram

Журналист, ақын Дүйсенәлі Әлімақынның "Америка ашқан қазақтар" атты жаңа кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл еңбек автордың "Болашақ" бағдарламасы аясында Вашингтон университетінде тәжірибеден өтіп, АҚШ-тағы архивтерде жүргізген  зерттеуінің нәтижесі.

Кітапта Америка кітапханаларындағы қазақтарға қатысты тарихи деректер жинақталған. Автордың айтуынша, әрбір тапқан мәліметін ерекше толқыныспен қабылдап, оқырманға жеткізуге асыққан.

"Америка ашқан қазақтар" атты бұл кітабым Вашингтонда жазылып,Алматыда жарық көрді. Кітапқа АҚШ кітапханаларында сақталған қазаққа қатысты деректер енді. Мен кітапханаларда кездестірген өзімізге қатысты әрбір деректі жүрегіме басып құшақтапсіздерге жеткізуге асыққаным рас. Кітап болып жарық көріпсіздердің сөрелеріңізде тұрсаалыстағағы архивтерде біздің ел туралы жазбалар бар екенін жұрт білсе деген мақсатым орындалды" - деп жазды автор Facebook парақшасында.

Кітаптың алғысөзін қазіргі Абай облысының әкімі Берік Уәли жазған. Жобаға "Болашақ" бағдарламасы мен "Зейнолла Сәнік" атындағы мәдениет қоры қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, автор еңбектің жарық көруіне үлес қосқан бірқатар қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдірді.

Бұл кітап АҚШ-тағы архивтерде сақталған қазақ тарихына қатысты тың мәліметтерді оқырман назарына ұсынып, зерттеушілер мен қызығушылық танытқан жандарға құнды дереккөз болмақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Чикаго опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер