Израиль мен ХАМАС арасындағы тұтқын алмасу. Алғашқы кезең аяқталды

913
Adyrna.kz Telegram
© Al Jazeera
© Al Jazeera

22 ақпан күні  ХАМАС пен Израиль соғысты тоқтату келсімінің бірінші кезеңінің соңғы тұтқын алмасуын жүзеге асырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Times of Israel-ге сілтеме жасап.

ХАМАС алты израильдік тұтқынды босатты. Оларды Қызыл Крест өкілдеріне Газа секторында тапсырды.

Израиль әскери күштері барлық алты тұтқынның Израильге жеткізілгенін растады. ХАМАС-тың мәлімдеуінше, тұтқындар Израильдің араб қауымына деген құрметі ретінде салтанатты рәсімсіз босатылған.

Қамаудан шыққандардың жасы 20 мен 40 аралығында. Олардың төртеуі 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасаған кезде музыкалық фестивальде тұтқынға алынған. Ал қалған екеуі Газаға өз еркімен кіріп, шамамен 10 жыл тұтқында болған. Олардың туыстары екеуінің де психикалық сырқаттары бар екенін айтады.

6 тұтқынның орнына Израиль түрмелерінен 602 палестиналық босатылып, олардың 100-ден астамы депортацияланбақ. Алтауы депортациядан бас тартып, Израиль түрмелерінде қалуды жөн көрген.

Бұл Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтатудың алғашқы кезеңіндегі соңғы тұтқын алмасуы екені хабарланды. Қазіргі уақытта екінші кезең шарттары бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Онда ХАМАС Израильдің Газадан толықтай кетуін талап етуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер