Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Михаил қысқа және еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, өз мансабындағы рекордтық 285.10 ұпай жинады. Ол қысқа бағдарламада 94.73 ұпай, ал еркін бағдарламада 190.37 ұпай еншіледі.
Жарыстың күміс жүлдесін Оңтүстік Корея спортшысы Жунхван Ча (265.02 ұпай) иеленсе, америкалық Жимма Ма (245.01 ұпай) қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық тағы бір спортшы Диас Жиренбаев бұл жарысты 19-орынмен аяқтап, 166.34 ұпай жинады.
Айта кетейік, дәл осы чемпионатта 10 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен топ жарған еді. Михаил Шайдоров даңқты спортшының жетістігін қайталап, Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады.