Дулат Исабековпен қоштасу рәсімі қашан өтеді?

1227
Adyrna.kz Telegram

21 ақпан күні жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті. Оны шығарып салу рәсімі ертең өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марқұммен қоштасу және жерлеу рәсімі 23 ақпан күні өтеді. Бұл туралы Қасымхан Бегманов хабарлады.

"Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков ағамызбен қоштасу рәсімі қасиетті қара шаңырақ - Қазақстан Жазушылар одағында, ертең, 23 ақпанда сағат: 10:00-де өтеді.
Асы сағат: 13:00-де, Қабылдау үйінде (Құрманғазы-44) беріледі.
Қазір ұлы жазушыны жоғары деңгейде шығарып салу үшін ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр.
ҚР Президентіне, Ерлан Каринге, қалабасына, басқа да барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз. Жазушының отбасына дүние жүзінен көңіл айту телеграммалары келіп жатыр", - деп жазды ол.

Дулат Исабеков – қазақ прозасы мен драматургиясының дамуына зор үлес қосқан қаламгер. Оның шығармалары қазақ әдебиетінде ерекше орын алып, бірнеше буын оқырманның жүрегіне жол тапты. «Қарғын», «Гауһартас» сынды туындылары халық арасында кеңінен танымал.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер