Көксу өзенінде ГЭС салу мәселесі қоғамда дау тудырды

1140
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Рудничный ГЭС-1 және ГЭС-2 құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алайда бұл жоба қоғамда үлкен пікірталас туғызды. Ғалымдар, экологтар және қоғамдық ұйым өкілдері құрылыс аймақтың экологиясына зиян тигізуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.

Құрылысқа қарсы шыққан “Петроглифтерді қорғаушылар” қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Гумирова ГЭС салу кезінде өзен арнасы өзгеріп, ежелгі қоныстар, қорымдар мен қола дәуірінің жартастағы суреттері жойылып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Эколог Сергей Куратов бұл аумақтың сел және сейсмикалық қауіпі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, жоба бойынша ұсынылған құжаттарда санитарлық-қорғау аймағының өлшемдері, қоршаған ортаға әсер ету деңгейі және электр энергиясын тасымалдау жолдары туралы нақты ақпарат жоқ.

Ал облыс әкімдігі бұл алаңдаушылықпен келіспейді. Олардың мәліметінше, жоба барлық экологиялық талаптарға сай әзірленіп, 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гидроэнергетика саласын дамыту жоспарына енгізілген.

Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы 2024 жылғы 2 сәуірде жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын мақұлдаған. Әкімдіктің мәліметінше, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылып, құрылыс орнының археологиялық зерттеуі үшін арнайы байқау жарияланған.

Сондай-ақ, жобаға 45 млрд теңге инвестиция тартылып, 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатыны хабарланды.

Қазіргі уақытта құрылыс әлі басталған жоқ. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Рудничный және Көксу ауылдарының тұрғындары жобаны қолдайды, ал құрылыс аяқталған соң жерді рекультивациялау және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер