"Бізге заманауи қауіпсіздік жүйесі жетіспейді"

1155
Adyrna.kz Telegram

Еңбек қауіпсіздігін сақтау – қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған маңызды шаралар. Елдегі барлық кәсіпорындар еңбек жағдайларын жақсарту үшін жұмыс істеуі қажет. Өкінішке қарай, елімізде өндірістік жарақаттар, адам өліміне әкеп соқтыратын жазатайым оқиғалар тыйылмай тұр. Күні кеше Ұлытау облысындағы кеніште болған апат осыған нақты дәлел. Мемлекет басшысы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нысандардың қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен екендігін айтты.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Алматы филиалының төрағасы Алмас Несіпқалиев еңбек қауіпсіздігіне қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

«Қазақмыс» компаниясындағы қайғылы жағдай ел өнеркәсібіндегі  қауіпсіздік жүйесінің әлсіз екендігін көрсетті. Бұл туралы мамандар үнемі айтып та жазып та жүр. Жалпы тек өндіріс саласы ғана емес, кез келген мекемеде еңбек қауіпсіздігіне қатысты түрлі мәселелердің туындайтыны рас. Осы орайда кәсіподақ ұйымының негізгі атқаратын қызметі - жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқығын қорғау, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қадағалау. Сондықтан да еңбек заңдылығы, қауіпсіздік талаптары бұзылып жатса, жұмыскерлерге қол ұшын беретін де осы кәсіподақ ұйымдары. Лайықты еңбекақы, қауіпсіз жұмыс орнымен қамту мәселесін ушықтырмай уақытында шешу де оңай шаруа емес. Бұл ретте біз жаңа шешімдер қабылдап жатырмыз. Соның ең бастысы - еңбеккерлердің білімін арттыру. «Senim» салалық кәсіптік одағы еңбек қауіпсіздігін сақтау, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау мақсатына тұрақты түрде түрлі іс-шаралар өткізеді. Мәселен, 2024 жылы 1050 ден астам кәсіподақ мүшелері «Келісім комиссиясы», «Еңбек кодексі бойынша өзгеріс» тақырыптары бойынша арнайы курс оқыды. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі техникалық инспекторларды оқыту тұрақты жүргізіледі», - деді ол.

Алмас Несіпқалиевтың айтуынша, өндірістік жарақат алудан қорғау мақсатында барлық мекемелерде өндірістік Кеңестер белсенді жұмыс істеуі тиіс, сонымен қатар техникалық инспекторлардың жұмысын күшейту қажет.

«2024 жылы біздің кәсіподаққа қатысты ұйымдарда өндірістік жарақаттанудың 12 жағдайы тіркелді, жарақаттанудың негізгі үлесі Жедел медициналық жәрдем қызметіне тиесілі: жол көлігі оқиғалары, құлау,  пациенттердің медициналық қызметкерлерге өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасауы. Кәсіподақ өз тарапынан жарақат алған кәсіподақ мүшелерін қорғау мақсатында, Еңбек инспекциясымен бірлесе отырып шешуге ат салысты. Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс берушілері өз қызметкерлерінің өмірлеріне қауіп төнбейтіндей жағдай жасауға міндеттелген. Меморандум шеңберінде кәсіподақ мүшелеріне заң көмегі көрсетілді, мәселелерді сотқа дейінгі реттеуде келісімге қол жеткізілді, сондай-ақ сотта мүдделер білдіру, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау мәселелері бойынша адвокат ұсынылды. Осының нәтежесінде заңсыз жұмыстан шағарылған 10 кәсіподақтың  мүшесі жұмысқа қайта қабылданды. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Еңбек қауіпсіздігін нығайту үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Отанымыздың игілігі үшін еңбек етіп жүрген жұмыскерлердің құқығын қорғауда бізге дәрменсіздік танытуға болмайды», - деді ол.

Алмас Несіпқалиев  еңбек қауіпсіздігінің негізгі қағидаларына қатысты бірнеше ұсыныс айтты.

«Біріншіден, бізге қауіпсіздіктің заманауи жүйелеріне көшу қажет. Бұған әрине цифрландыру қызметтері кіреді. Жаһандық цифрландыру заманында бізге жаңашылдық қажет. Әрбір мекеме, зауыт, фабрика, мейлі емхана болсын, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Екіншіден, жұмысшылардың білімі мен біліктілігін үздіксіз арттыру өзекті. Қауіпсіздік бойынша тұрақты оқыту мен тренингтер өткізу - жұмыскерлердің жарақат алу қаупін азайтады. Оның ішіне қорғаныс құралдарын қолдануды үйрету бар. Қауіп-қатерді алдын ала анықтау және бағалау да маңызды. Бұл қауіпті факторларды дер кезінде анықтауға септігін тигізеді, соның арқасында өндірістік жарақаттардың алдын алуға, ең бастысы, адам өлімінің алдын алуға болады», - деп ой түйіндеді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер