Бес баласы бар. Кеніште қаза тапқан Олжас Нұрілдаев жерленді

1355
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-20-at-12.03.55.jpeg
Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған қайғылы оқиғада қаза тапқан Олжас Нұрілдаевтың артында бес баласы қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Марқұмның туысы Серік Дүйсенұлының айтуынша, Олжас төрт ұл, бір қыздың әкесі болған. «Жары бар, анасы бар, інісі мен қарындасы бар. Ініміздің қазасы – біз үшін орны толмас қайғы. Ол үлкен әкесінен тәлім-тәрбие алған, жөн-жобаны білетін азамат еді. Балаларының үлкені 24 жаста, кенжесі екіде. Үкімет берген уәдесінде тұрып, балаларына қамқорлық жасаса дейміз», – дейді Серік Дүйсенұлы. Айта кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы опырылып түскен. Құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында үйінді астында қалған жеті кеншінің денесін тапты. Оқиғадан кейін Ұлытау облысында апаттан қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды.
Комментарии