Тәуелсіз толқын. Қазақстандағы сирек өнер иесі – гиперреалист мүсінші

2254
Adyrna.kz Telegram
Фото: Айдос Есмағамбетовтың жеке архивінен
Фото: Айдос Есмағамбетовтың жеке архивінен

Өнер саласындағы ізденіс арқылы жаңашылдығымен танылып жүрген мүсінші өз ісінің қыр-сыры және жоспары туралы ойларымен бөліседі.

Әлеуметтік желіде гиперреалистік 3D мүсіндерімен Tiktok-та танымал Айдос Есмағамбетов – еліміздегі ерекше өнер иелерінің бірі. Ол қазіргі таңда Астана қаласында жұмыс істейді. Бейнелеу өнері және сызу мамандығын тәмамдағанымен, гиперреализмді өз бетінше меңгерген. Мүсінші 2009 жылдан бастап бұл саланы зерттеп, түрлі эксперименттер жасап, өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған.

Гиперреализм немесе суперреализм – 20 ғасырдың соңы - 21 ғасырдың басындағы кескіндеме, графика және мүсін өнерінде бейнелерді барынша шынайы кескіндеп көрсететін бағыт.

"ГИПЕРРЕАЛИЗМ – ҚҰПИЯ ТЕХНОЛОГИЯ"

Айдос бала кезінен сурет пен мүсін өнеріне жақын болғанын айтады.

- Мен кішкентай кезімнен бастап сурет саламын. Арқалықтың тумасымын. Университетте тек саз балшық пен гипспен стандартты мүсін жасауды үйретеді. Ал гиперреализм бағыты – өзіндік "құпия технология". Себебі оны еш жерде үйретпейді. Барлығын суреттер мен видеоларды зерттей отырып, өзім үйрендім, - дейді Айдос Есмағамбетов.

Мүсіншінің ең танымал жұмыстарының бірі – Абай Құнанбайұлының мүсіні. Бұл жұмыс TikTok-та 2,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Сондай-ақ, Жамбыл Жабаевтың мүсіні де көрермендердің оң бағасына ие болды.

- Мүсіндерді тек арнайы тапсырыспен жасайсыз ба? Сатылымға шыға ма?

- Мүсіндердің ішінде арнайы тапсырыспен істелгені де, жеке шығармашылығымнан жасағаным да бар. Бірнеше күн бұрын Алматыға арнайы барып, бес мүсінді орнатып келдім. Ол мүсіндерді тамыз айынан бастап, жасағанмын. Желтоқсанға дейін Құрманбек Жандарбеков, Ахмет Жұбанов, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбіров, Күләш Байсейітованың мүсіндерін Абай атындағы опера және балет театрына орнатып келдім. Себебі олар арнайы музей дайындап, жандандырып жатыр екен. Жақын арада презентация, тұсаукесерін жасайтын болады.

МҮСІН ЖАСАУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛ ТАҢДАУЫ

Айдос Есмағамбетов мүсін жасауда арнайы силикон материалын қолданады. Бұл материал 350°C ыстыққа да, суыққа да төзімді. Сонымен қатар, соққыға төзімділігі жоғары.

– Бұрын гиперреалистік мүсіндер балауыздан жасалған. Бірақ балауыз мүсіндер күннің ыстығына шыдамайды, оңай зақымданады. Ал силикон – әлдеқайда берік материал, оған ерекше күтім қажет емес, - дейді ол.

- Қазіргі таңда тек зиялыларды жасайсыз ба? Әлде тапсырыспен кез келген мүсінді жасауға бола ма?

- Жоқ, менің практикамда ондай дүние болмаған. Мен музейге экспонат ретінде ғана мүсін жасаймын. Жекеме де жазып, әлеуметтік желіде де пікір қалдырған адамдар болдды. "Мен атамды сағынып жүрмін, мүсінін жасап бере аласыз ба?" деген ұсыныстар болған. Кейіннен ол кісіге "тарихи тұлға болды ма? Музейге экспонат ретінде бола ала ма?" деп сұраймыз.

Жай әшейін үйге қою, сыйлық үшін мүсіндер жасалмайды. Мен жасасам тек қазақ еліне еңбегі сіңген, тарихи тұлғалардың мүсінін жасаймын. Шетелдегі Мадам Тюссе" мұражайында жұлдыздардың, әншілердің мүсіндері тұрады ғой. Сондай музей біздің Қазақстанда да болса керемет болар еді. Мүсіндерді зал-залға бөліп, орналастыру керек. Бір залға кірсеңіз, тарихи тұлғалар, екінші залда Қазақстанның әншілері, келесі залда актерлер дегендей.

- Бір мүсінді жасау қанша уақытыңызды алады?

- Жұмыстың қиындығына байланысты. Шамамен, үш айдан жарты жылға дейін уақыт кетеді.

- Абайдың мүсіні өте қатты танымал болды. Ол мүсінді қанша уақытта жасап шықтыңыз?

- Төрт айдай уақытымды алды. Оның алдында Абайдың суретін біраз зерттеп жүрдім. Жарты жылдай "жасаймын" деп дайындалдым. Мен ол мүсінді жартылай антрополог ретінде жасадым. Өйткені ол кісінің бір ғана суреті бар. Ол фотоны мен Google-дан қарағанымда екі ұлы екі жағына тұрған фотосы еді. Сол сурет жеткіліксіз болды. Сол суреттің түпнұсқасын іздей бастадым. Семейде мұражайларға хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Ол кісілер де мені танып, мүсін жасататынын айтып, қуанып қалды. Сол түпнұсқа суретті сапалы түрде поштама жіберуін сұрадым. Себебі оның бет-келбетін, мұрын, пішінінің әрбір қырын есептеуім керек болды. Ол математикалық есеп қой. Ол фото тек алдынан ғана болды. Қырынан түсірілген сурет жоқ болды. Оны өлшеп, жасауға тура келді.

«ӨНЕР ЕЛІМІЗДЕ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНБАЙДЫ»

- Жасырын болмаса, бір мүсіннің бағасы қанша?

- Шет мемлекеттерде мүсіндер 15-20 мың долларға дейін бағаланады. Елімізде ондай баға жоқ. Себебі біздің "қазақша қаражатымыз" бар ғой. Одан төменге саудаланады.

- Гиперреалистік мүсін өнеріне қатысты түрлі сын-пікір болатыны жасырын емес. "Адамның мүсінін жасауға болмайды" деген пікірлер де аз емес, солай ма?

- Дін жағынан түрлі көзқарастар болып жатады. Ондай пікірде қарайтын болсақ, онда  күйді де ойнауға болмайды, әнді де айтуға болмайды. Ең бастысы – мен өз қолөнерімді дамытып, бұрын-соңды болмаған дүниені жасап отырмын. Оны қазір жасамасақ, қашан жасаймыз? Мысалы Абай Құнанбайұлының ескі суреттерін қарап отырғанша, 3D мүсінге келіп, селфи жасасаңыз дәл жаныңызда тұрғандай әсер береді.

- Кейіпкерлеріңізді қалай таңдайсыз?

- Мен Абай мен Жамбыл Жабаевтың мүсіндерін өзім жасадым. Себебі  Абайдың 175 жылдығына орай бастағанмын. Бұл - шығармашылық жұмыс. Мұражайлардан "бізге осы тұлғаның мүсіні керек еді" дегенде сұраған мүсінді жасап беремін.

- Дәл қазір гиперреалистік мүсіндер Қазақстанда қаншалықты дамыған?

- Әзірге мұндай мүсіндерді кездестірмедім. Бірақ жастар осы салаға қызықса, жақсы болар еді. Бәсекелестік болуы керек.

Сымбат Наухан

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер