Еділ Жаңбыршин: Адам құқығы жануарлар құқығынан жоғары болуы тиіс

1250
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында бұралқы иттер мәселесін көтеріп, оны шешу үшін Үкімет шұғыл шаралар қабылдауы керектігін айтты.

Депутат өз сөзінде Маңғыстау облысында 16 жастағы баланың итке таланып, ауыр жарақат алған оқиғасын мысалға келтіріп, мұндай жағдайлардың жиілеп кеткенін атап өтті. Оның айтуынша, елімізде жыл сайын 38 мыңнан астам адамды ит қабады, ал оның кемінде жартысы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Еділ Жаңбыршин жануарларды қорғаушы кейбір ұйымдардың адам қауіпсіздігін елемей, бұралқы иттерді қорғауға басымдық беріп отырғанын сынға алды.

"Бұралқы иттер туралы сөз болса, жануарлар құқығын қорғаушы кейбір ұйымдар өре тұрады. Түсінеміз, олар ЮСАИД сияқты батыстық ұйымдардан алған гранттарының ақшасын ақтауы керек болар. Бірақ, жануарлар құқығы адам құқығынан жоғары болғаны ма?!" – деді депутат.

Осыған байланысты, Еділ Жаңбыршин Үкіметке келесі шараларды қабылдауды ұсынды:
Біріншіден, жануарларды қорғаушы ұйымдардың қаржыландыру көздерін тексеру.
Екіншіден, азаматтарды, Парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік желілерде балағаттап, жала жабу әрекеттерін зерттеу.
Үшіншіден, бұралқы иттерді жаппай аулап, жұқпалы аурулар тарататын және агрессия көрсететіндерін эвтаназиялау.

Депутат «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Ұсынылған жаңа нормаларға сәйкес, иесіз иттер 15 күн ішінде иесі табылмаса, эвтаназия әдісімен ұйықтатылады.

Мұндай әдіс АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания сияқты елдерде қолданылатынын атап өткен депутат, ең алдымен адам өмірі мен қауіпсіздігі басты орында болуы тиіс екенін баса айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер