Жарты жылдық шектеу. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне балық экспорттауға тыйым салынды

1067
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 14 ақпаннан бастап Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген күйде сом және көксерке балықтарын шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тыйым 2025 жылғы 14 тамызға дейін, яғни алты ай бойы күшінде болады.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл шара тарифтік емес реттеу шараларын іске асыру мақсатында қабылдануда.

Тыйымға сәйкес мұздатылған және балғын немесе салқындатылған көксерке мен сомды экспорттауға болмайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тыйымның өңделген мұздатылған көксерке мен сом өніміне, яғни ішек-қарны алынған балыққа қолданылмайтынын атап өтті.

“Бұл өнім өңделген өнім ретінде жіктеледі, сондықтан оған шектеу шаралары қолданылмайды. Сыртқы сауда қатысушыларын тыйымның қолданылу мерзіміне назар аударуға және кедендік рәсімдеу кезінде мәселелердің алдын алу үшін тауарлардың тиісті жіктелуін мұқият қадағалауға шақырамыз”, – делінген ведомство хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер