Алматыдағы Ұлттық кітапхананың жаңа директоры тағайындалды

1499
Adyrna.kz Telegram

Танымал кітапханашы Ғазиза Құдайбергенқызы Ұлттық кітапхананың директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2022 жылғы қаңтар қырғынында шындықты айтқаным үшін жұмыстан шығып қалдым. Сол жылы мен «Мұқағали ғасыры» атты кітабымды жазу үшін қызметімді тастап, екі газетпен келісімшартқа тұрып, азғантай қаламақы алып, нәпақамды тауып, отбасымды асырап жатқан едім. Қаңтардан соң айналасы бір ай ішінде екі басылым да келісімшартымды тоқтатып тастады. Осындай қиын мезгілде билікке жақпайтын азаматтық позициям мен саяси көзқарасыма қарамастан, мені жұмысқа шақырған бір ғазиз жан болды, ол – Ғазиза Құдайбергенқызы. Үш жылға таяу уақытта Ғазизаның қолдауының арқасында алаңсыз жұмыс істеп,  «Әлем әдебиеті» бағдарламасын жүзеге асырып 30-ға жуық дәріс оқыдым. Міне, бүгін сол абзал жан басқа қызметке ауысып, Алматыдағы Ұлттық кітапхананың басшысы болып тағайындалыпты. Жаңа қызметіңіз құтты болсын, Ғазиза ханым! Сізге барлық жақсылықты тілеймін. Абыройыңыз арта берсін!»— деп құттықтады әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілік.

Бұған дейін Ғазиза Құдайбергенқызы Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымын атқарған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер