Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

1009
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/erұlan-zhamaubaev-960x500.jpeg?token=eeb1d76419cb244acc08dfa82cda85d2

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы 17 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,—делінген хабарламада.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Ол 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы; 1998-2014 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры; 2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры; 2015-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; 2018-2019 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі; 2019-2020 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы; 2020-2022 жылдары –  ҚР Қаржы министрі; 2022-2024 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі қызметтерін атқарды. 2024 жылғы 20 мамырда президент өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

Комментарии