Ақтауда Каспий жағалауы қызыл түске боялды

1140
Adyrna.kz Telegram

Каспий теңізінің Ақтаудағы 1-шағынаудан тұсындағы жағалауы қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Алайда экологтар бұл табиғи құбылыс екенін айтып, ешқандай экологиялық қауіп жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желілерде қызыл түске боялған жағалаудың суреттері таралып, кейбір тұрғындар химиялық төгінділерден күдіктенген. Алайда «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин бұл қыста жиі кездесетін табиғи құбылыс екенін түсіндірді.

“Әсіресе қар жауған кезде қоңыр балдырлар қызыл реңкке ие болып, ерекше көрініс береді. Бұл экология мен адамдарға ешқандай қауіп төндірмейді,” – деді ол.

Маңғыстау облысының Экология департаменті де жағдайға қатысты ресми түсініктеме беріп, теңізден алынған сынамаларда химиялық заттар анықталмағанын мәлімдеді.

“Достар” жағажайы, “Нұр-Плаза” және яхта клубы аумағынан сынамалар алынды. Талдау нәтижелері теңіздегі өзгерістердің балдырлардың табиғи гүлденуінен болғанын көрсетті. Бұл құбылыс ешқандай зиян келтірмейді, сондықтан алаңдауға негіз жоқ,” – деді экологиялық зерттеу зертханасының гидробиология бөлімінің маманы Нұрболат Өтемісов.

Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінде теңіз балдырлары белсенді түрде көбейіп, су бетінде қызыл түсті дақтар пайда болуы мүмкін. Экологтар тұрғындарды сабырға шақырып, бұл құбылысты қалыпты жағдай деп қабылдауға кеңес берді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер