Атбасардағы азаптаушылар. Сот колонияның 12 қызметкерін ақтап шықты

1006
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Атбасар қаласындағы түзеу колониясының 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімін шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Оларға белсенді Тимур Дәнебаев пен тағы 43 сотталушыны азаптады деген айып тағылған болатын.

Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы бір айыпталушыға - жеті жыл, қалғандарына алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, арнайы атақтарынан айыруды және үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынған еді.

Бұл іс бойынша сот 2024 жылғы 31 шілдеде басталды.

2023 жылғы 8 қыркүйекте Атбасар колониясында азаптау әрекеттерін көрсететін видео тарағаннан кейін, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов колонияның тоғыз қызметкері жұмыстан босатылғанын, тағы екеуі медициналық демалыстан кейін жұмыстан шығатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, колония басшысы мен оның орынбасары, сондай-ақ облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылғы 30 қыркүйекте Тимур Дәнебаев Астанадағы тергеу изоляторына ауыстырылды. 2024 жылғы қаңтарда ол изоляторда қысым көріп жатқанын, медициналық көмек көрсетілмей, басқа мекемеге ауыстырумен қорқытылғанын хабарлады.

2023 жылғы 13 қарашада сотта Дәнебаев өзіне қысым көрсетілгені туралы айтып берді. Оның айтуынша, оны дәретхананың еденін жууға мәжбүрлеген, ал бас тартқан соң аяусыз соққыға жыққан. Бұл оқиға түсірілген видео 2023 жылғы 3 қыркүйекте әлеуметтік желілерде таралды.

«Әр соққы өткен сайын ауру күшейе түсті. Жай ғана үнсіз қалу мүмкін емес еді. Мен тіпті айқайлаған жоқпын, шыңғырдым. Мені еш себепсіз ұрды, мен мұндай қатыгездікке лайық болмадым», – деді сол кезде Данебаев.

Айыпталушылардың үшеуі қамауда отырса, қалғандары кепілмен бостандықта болды. Бұған дейін Дәнебаев қосымша адамдарды жауапқа тарту туралы және айыпталушыларды кепілден қамауға ауыстыру туралы өтініш берген. Алайда сот оны қанағаттандырмады.

Тимур Дәнебаев 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «20 мың террорист» туралы мәлімдемесіне қатысты жауапқа тартуды талап еткен еді. 2023 жылғы маусымда Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты оны ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырды. Бір жыл өткен соң, Жоғарғы сот оның үкімін қайта қараудан бас тартып, оған негіз таппағанын мәлімдеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар мен Еуропарламенттің Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі қарарында Данебаев саяси тұтқындардың бірі ретінде аталып, оны босатуға шақырылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер