Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасына 19 жыл толғанда тағы да кітаптары шықты

1318
Adyrna.kz Telegram

Биыл 11 ақпан күні саяси және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевтың қаза тапқанына 19 жыл толды. Осы қаралы датада қайраткердің «Уақытында айтылған шындық» және «Алаштың Алтынбегі» атты екі томдық кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алтынбек Сәрсенбаев – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жас министрлердің бірі. Оның көзқарастары мен батыл мәлімдемелері қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жазушы Марат Байділдәұлының айтуынша, Сәрсенбаев сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық сын айтып, Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның мемлекетті толықтай басып алу қаупін алғашқылардың бірі болып көтерген. Бұл үшін ол қысымға ұшырап, ақыры саяси қастандықтың құрбанына айналды.

Марқұмның ағасы, журналист Рысбек Сәрсенбайұлы саясаткердің халық мүддесі үшін күрескенін және оның қазасы тәуелсіз ел тарихындағы ең үлкен қасіретті оқиғалардың бірі болғанын атап өтті.

«Алтынбекке атылған оқ – халыққа атылған оқ» деген зиялы қауым пікірін келтірген ол, егер қайраткер тірі болғанда, елде көптеген саяси қателіктерге жол берілмес еді деп санайды.

Саясаткердің өліміне нақты кім жауапты екені әлі белгісіз. Алайда оның жақындары мен жақтастары бұл істің түбінде ашылатынына сенімді.

«Бұл – саяси террор. Бірақ шындықты жасыру мүмкін емес. Уақыты келгенде, кінәлілер заң алдында жауап береді», – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер