Сахара сандуғашы — Сауық Жақанова

1886
Adyrna.kz Telegram

Бүгін — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, радио әлемінің майталманы, талай шәкіртке үлгі болған Сауық Жақанованың туған күні.

Ол жарты ғасыр бойы эфирде халыққа таза, мәнерлі, әсерлі дауысымен қызмет етті.

Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Еркіндік ауылында дүниеге келген. Бүгінде 80 жасқа толды. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, сол жылы Қазақ радиосының дикторы ретінде қызметке қабылданды.

Сауық Жақанова радионың дәуірлеген кезеңінде тыңдарманға әр жаңалықты айқын дикциямен, ерекше мәнермен жеткізіп отырды. Оның дауысын халық тұнық бұлақтың сылдырына, самал желдің әуезіне теңеді. Дауыс ырғағы, сөз саптауы, орфоэпияны сақтауы – оның кәсіби деңгейінің жоғары болғанын көрсетті.

«Радио – тыңдаушыға дыбыстап оқу, сөйлеу арқылы жететін ақпарат құралы. Сондықтан диктордың дауысы маңызды. Бұрын дикторларды дикциясына, тіл тазалығына, ырғақ екпініне қарап таңдайтын», – дейді ол.

Сауық Жақанова тек радио дикторы ғана емес, ғалым, ұстаз, зерттеуші ретінде де үлкен еңбек етті.

1998 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында сахналық сөйлеу пәнінен дәріс берді.

2000 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент болды.

Шәкірттеріне сөйлеу мәдениетін үйретіп, радио мен телевидение саласында дұрыс сөйлеудің маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ, «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарын жазып, сөйлеу өнерін дамытуға үлес қосты.

1985 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды.

Сауық Жақанованың ерекше дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. Оның эфирдегі еңбегі, шәкірттеріне үйреткен білімі, еңбегі – қазақ журналистикасы мен мәдениетінің алтын қазынасы.

Ол – Қазақ радиосының сандуғашы, тыңдаушының жүрегіне жол тапқан диктор.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер