Даудың басы - Black Hawk. Тәліптер Өзбекстанға наразылық білдірді

1282
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ariana news
Сурет: Ariana news

Өзбекстан ауған ұшқыштары Кабулдан мініп қашқан тікұшақтардың бір бөлігін АҚШ-қа жіберді. Бұл шешім «Талибан» қоғалысы өкілдері басқарып отырған Ауғанстан қорғаныс министрлігінің наразылығын тудырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мәлімдемесінде тікұшақтар Ауғанстанның меншігі екені және оларды кері қайтару керектігі айтылған.

«Ислам әмірлігі бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр, өйткені тікұшақтар Ауғанстанға тиесілі. Олар бұрынғы шенеуніктер елден қашып бара жатқан кезде Өзбекстанның әуе кеңістігіне өтіп кеткен болатын. Бұл тікұшақтарды АҚШ-қа беруді негізсіз деп санаймыз. Біз өз мүдделерімізді қорғауға құқылымыз. Көрші елдер де ауған халқының құқығын құрметтеуі тиіс»,—делінген хабарламада.

Тәліптер АҚШ-ты кедергі жасамауға, керісінше, техниканы Ауғанстанға қайтаруға көмектесуге шақырды.

Бұған дейін Өзбекстан АҚШ-қа жеті Black Hawk тікұшағын жібергені белгілі болған еді. 2021 жылғы тамызда оларға ауған ұшқыштары мініп, елден қашқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер