Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны есептеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылғы IV тоқсанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа номиналды жалақы 434 982 теңге болған.
«2023 жылға қарағанда өсім 10,5%, нақты мәнде – 1,8% өсті»,- делінген хабарламада.
Орташа айлықтың ең көп өсімі ақпарат және байланыс салаларында – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығында 22,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 20,3% тіркелген. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 7,6%, білім беру саласында орташа айлық жалақы 5% өскені байқалады.
Өңірлер арасында 2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы IV тоқсанда орташа айлық жалақының ең көп өсімі мына өңірлерде тіркелді:
Алматы мен Шымкентте 13,6 пайызға, Қарағанды облысында 13,2 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында 12,9 пайызға, Ақтөбе облысында 12,6 пайызға өсті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге үш жылға 32 млрд теңге бөлу жоспарланғаны белгілі болған еді.