Алматыда ең үлкен мешіт ашылмақ. Кептеліс енді не болмақ?

12719
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ulysmedia.kz
Сурет: ulysmedia.kz

2025 жылы Алматыда 20 000 адамға арналған ең үлкен мешіттің ашылуы жоспарланып отыр,  деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

2017 жылдан бері салынып келе жатқан ғибадат орны Орталық Азиядағы ең ірі діни кешендердің бірі болмақ.

Бұл тақырып қоғамда Ақсұлтан Қалиевтің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін қызу талқылана бастады. Ол Алматыдағы жұма күнгі көлік кептелісінің басты себептерінің бірі ретінде қаладағы мешіттердің аздығын және олардың тарлығын атап өтті. Оның пікірінше, ірі мешіттердің жетіспеуі, әсіресе орталық аудандарда, көшелердің шамадан тыс жүктелуіне алып келеді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by AKSULTAN KALIYEV (@aksultankali)

Кулибаев мешіті” деп жатыр

Ақсұлтан Қалиевтің жазбасындағы пікірлерді зерделесек, кейбір қолданушылар жаңа мешітті “Құлыбаев мешіті” деп атап жатыр. Бұл пікір Қазақстандағы жекеменшік меценаттардың осындай жобаларға қаржылай қолдау көрсетуінің қоғамда қалай қабылданатынын көрсетеді.

“Халық” қайырымдылық қорының баспасөз қызметі бұл мешіттің кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың жеке қаражатына салынғанын растады. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін ғибадат орны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қарауына беріледі.

Жаңа мешіт қалалық инфрақұрылымға қалай әсер етеді?

Жоба бойынша:
Жалпы кілем төселген аумақ – 13 500 шаршы метр
Жалпы сыйымдылығы – 20 000 адам
1 100 көлікке арналған автотұрақ
Кітапхана, 400 адамға арналған іс-шаралар залы
Неке қиюға арналған арнайы аймақ

Сарапшылардың пікірі екіге бөлінді

Ақсұлтан Қалиевтің пікірінше, жаңа мешіт Алматыдағы қазіргі мешіттерге жүктемені азайтып, қала архитектурасына ерекше көрік береді.

Алайда кейбір урбанистер мешіттің үлкен болуы кептелісті шешуге көмектеспеуі мүмкін деп санайды. Журналист-урбанист Александр Левин қаладағы көлік ағынын тиімді реттеу үшін жаяу жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым, көлік логистикасы және қоғамдық көліктің тиімді ұйымдастырылуы маңызды екенін атап өтті.

Жергілікті билік өкілдері мешіт ашылғаннан кейін қаладағы көлік қозғалысын мониторингтен өткізіп, қажет болған жағдайда қосымша жол-көлік шараларын қабылдайтынын хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер