2024 жылы Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел арасындағы экспорт пен импорт көлемі 94,82 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға артық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚХР-дың Бас кеден басқармасының ресми сайтына сілтеп.
Қытайдың сауда айналымы Қазақстанмен - 43,82 млрд, Қырғызстанмен - 22,71 млрд, Тәжікстанмен - 3,86 млрд, Түрікменстан және Өзбекстанмен 1- 0,65 млрд және 13,78 млрд АҚШ долларына жеткен.
ҚХР бас кеден басқармасының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қытайдың жалпы сыртқы сауда көлемі 43,85 трлн юаньға (шамамен 6,1 трлн АҚШ доллары) жеткен.
Бұған дейін бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Ван Линцзюнь баспасөз конференциясында Қытай 150-ден астам ел мен өңірдің негізгі сауда серіктесіне айналғанын айтқан еді. Оның айтуынша, елдің сыртқы саудадағы достар шеңбері кеңейіп, Орталық Азия, Латын Америкасы, Африка, Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық және сауда байланыстары нығая түскен.