Қазақстанда заңсыз вейп тасымалдаған Өзбекстан азаматы сотталды

1016
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың желтоқсан айында Мәскеуден 4550 дана вейп сатып алып, оларды Өзбекстан аумағына заңсыз алып өтпек болған өзбекстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өз елінің шекарасын кесіп өте алмаған соң,  бұл тауарды Қазақстан арқылы жасырын өткізіп, кейін сатуды жоспарлаған.

Сот барысында айыпталушының кінәсі оның өз кінәсін мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Ер адам өз кінәсін мойындап, шынайы өкінетінін айтып, ең жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөліміне сәйкес, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз әкелу үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сотталушының шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындауы және оның төрт кәмелетке толмаған баласының болуы жазаны жеңілдететін жағдайлар ретінде ескерілді. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімі бойынша, Өзбекстан азаматы бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер