«Үлкен әсер берді». Нұрлан имам президент Трамптың қайырымдылық асына қатысты

1155
Adyrna.kz Telegram

Желі арқылы көпке танымал имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Америка Құрама Штаттарының Вашингтондағы қайырымдылық таңғы асқа келіп отырмын…мыңдаған адам. Тура мына жерде АҚШ президенті сөйлейді. Тура президенттің алдында имамдарыңыз отыр», – деді Нұрлан имам.

Сондай-ақ, ол Трамптың шара барысында сөйлеген сөзі ерекше әсер еткенін айтты.

«Америка Құрама Штаттарының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниені жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтты. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды», – деп жазды Нұрлан Байжігітұлы.

Айта кетсек, дәстүр бойынша жыл сайын ақпан айында Вашингтонда кәсіпкерлер, саясаткерлер және шетелдік қонақтардың қатысуымен қайырымдылық ас өтеді. Оны ең алғаш рет 1953 жылы АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ұйымдастырған болатын.

Пікірлер