Текеліде университет салған. Исмаилиттер жетекшісі қайтыс болды

976
Adyrna.kz Telegram

Исмаилит-низариттердің рухани жетекшісі, Аға Хан даму желісінің (AKDN) негізін қалаушы, ханзада Карим Аға Хан IV Лиссабонда 88 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ismaili Imamat Diwan мекемесі ресми мәлімдеді.

Аға Хан IV исмаилит қауымын 1957 жылдан бері басқарды. Ол бұл қызметке 20 жасында, өз атасының орнына келген.

Дәстүрге сәйкес, жаңа имамды оның алдындағы жетекші өсиет арқылы белгілейді. Жақын күндері Карим Аға Ханның өсиеті жарияланғаннан кейін жаңа имамның есімі белгілі болады деп күтілуде.

Қырғызстанда Аға Хан қоры (AKF) 2002 жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Қор білім беру, денсаулық сақтау және ауылдық аймақтарды дамыту салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырады.

2000 жылы Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан президенттері исмаилит-низариттердің рухани жетекшісімен бірге Орталық Азияда беделді университет (ОАУ) салу туралы келісімге келді. Оның бір кампусы Жетісу облысындағы Текелі өңірінде бой көтеруі тиіс еді. Алайда, Қазақстан әлі күнге дейін бұл келісімді орындаған жоқ.

Бұл мәселеде бірнеше қарама-қайшы ұстаным бар. Келісімнің кешіктірілуінің ықтимал себептерінің бірі діни салаға қатысты болуы мүмкін.

Пікірлер