«Құс фабрикасы» саяжайының тұрғындары ереуілге шықты

929
Adyrna.kz Telegram

3 ақпан күні Орал іргесіндегі 12 мыңдай адам тұратын «Құс фабрикасы» саяжайының халқы электр жарығының ажыратылуына, оның төлемдерінің реттелмегеніне наразылық танытып, жолды жауып тастады. Бұл туралы sarapshy.info басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталған қауымдастықтық қазіргі төрағасы Асхат Әнесұлы әлі «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС компаниясымен келісімшартқа отырып үлгермеген.

– Қазіргі халықтың көтеріліп жатқан себебі – РЭК-ке («Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС) осы аудан тұрғындарының жарыққа бережақ болғаны. Маған дейінгі тағайындаған төраға Асылбек Қабесов ақшаны РЭК-ке төлемей келген. Қазіргі кезде 71 млн болған. Олар келді де жарықты өшіріп тастады. Ал мен ақшаны төлеп үлгерген жоқпын. Маған төле деп жатыр. Мені әлі РЭК-пен келісімшартқа отырған жоқпын, - дейді ол.

Дәл қазір аудан тұрғындарының «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ына қарыз мөлшері 71 млн теңгеге жеткен. Сол себепті таңертеңгі сағат 11:00-ден бастап ауданның жарығын өшіріп тастаған. Шамамен бұл ауданда екі мың екі жүзден астам үй бар.

Бау-бақша серіктестігі болып саналғандықтан мұнда 1 кВт/сағ электр энергиясының құны қазіргі уақытта 1 кВт үшін 32,60 теңге. Ал Орал қаласы бойынша орташа тариф — 28,16 теңге. 

Қыстың күні жарық пен жылудың өшкеніне наразы халық жиналып, шағымдарын білдіруде.

Тұрғындардың айтуынша, осы уақытқа дейін электр энергиясының ақшасын ауданның бұрынғы төрағасы Асылбек Қабесовтың Kaspi нөміріне аударып отырған. Кей жағдайда серіктестік төрағасы отырған кеңсеге барып, қолма-қол төлеп жүрген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер