Қазақ қаламгері «Түркі әлемінің ең үздік драматургі» атағына ие болды

1263
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/ Султан Раев
Фото: Facebook/ Султан Раев

Түркияның Ыстанбұл қаласында қазақ драматургі, жазушы, журналист Думан Рамазанға «Түркі әлемінің ең үздік драматургі»  атағы салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы қырғыз жазушысы, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Думан Рамазан бауырымның драмаларымен бұрыннан таныспын. Күшті драматург, драманың ой-қырларын тереңдеткен, тарихи тақырыпта да, қазіргі заман тақырыбында да жазған шығармалары өте зерттеліп, ішкі қарама-қайшылықты, эпикалық шиеленісті ерекше бір жүйелі стильде баяндағаны айқын ерекшелігі бар. Думан қазақ драматургиясындағы жаңа көрініс, эстетикалық құбылыс, жаңа белес. Соңғы жылдары ол ұлттық сахнада жасаған тарихи полотнолары бүгінгі театрдың биігіне қанат қаққан. «Керей - Жәнібек», «Абылай ханның арманы», «Жошы хан» және басқа да тарихи драмалары ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген тарихи көзқарасты көркем туындыларда бейнелеген. Астанадағы Кубанышбаев атындағы ұлттық драма театрының сахнасында қойылған «Жошы хан» тарихи драмасы қазақ мәдениетіндегі жаңа кезеңді көрсетеді”, деп жазды Раев.

Пікірлер