Инфляция үдеп, азық-түлік бағасы қымбаттады

1165
Adyrna.kz Telegram
фото: Dauletten.kz
фото: Dauletten.kz

2025 жылғы қаңтарда елімізде инфляция үдеп, бір жылда 8,9 пайызды (2024 жылғы желтоқсанда – 8,6%), бір айда – 1,1 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бір жыл ішінде ақылы қызметтер бағасы 13,8 пайыз (2024 жылғы желтоқсанда – 13,3 пайыз), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 8,4 пайыз, азық-түлік бағасы 5,8 пайыз өскен.

Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда суық су тарифі 43,2 пайыз, су бұру – 26,1 пайыз, орталықтан жылыту қызметі – 23,1 пайыз, ыстық су – 21,3 пайыз, электр энергиясы – 18,9 пайыз, желілер арқылы таратылатын газ – 12 пайыз, қоқыс шығару 10,3 пайыз көтерілген. Ұялы байланыс қызметтері – 16,8 пайыз, денсаулық сақтау қызметтері – 12 пайыз, қоғамдық тамақтану қызметтері 10,9 пайыз қымбаттаған.

Қаңтарда инфляция деңгейі республиканың он екі өңірінде орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Әсіресе, Астана қаласы (11,2%), Қарағанды (9,9%), Батыс Қазақстан (9,7%) және Солтүстік Қазақстан (9,6%) облыстарында инфляция қарқын алған.

Пікірлер