Украина АҚШ-тың сайлау өткізу туралы ұсынысынан бас тартты

1665
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президентінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлоггтың жыл соңына дейін елде сайлау өткізу туралы ұсынысына қарсылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

«Біз Келлог мырзаның сұхбатын толық қарап шыққан жоқпыз, тек сайлау туралы айтқан бірнеше дәйексөзін көзіміз шалды. Сол себепті ұстанымын толық бағалау қиын. Десе, оның жоспары тек атысты тоқтату және сайлау болса, онда бұл сәтсіз жоспар екенін айтқым келеді.  Путинді тек осы екі нәрсемен қорқыта алмаймыз»,–деді ол.

Сондай-ақ Литвин Ресейдегі ахуалға да тоқталды.

«Мәскеу зымырандар мен оқ-дәрілер өндірісін ұлғайтуды, санкцияларды айналып өтудің және мұнайдан ақша табудың жаңа жолдарын табуды жалғастыруда. Бұл қарудың бәрі демократиялық көршілерді құрметтеу үшін жасалмайтыны анық. Ресейдің Солтүстік Кореямен әскери одақ құруы да атысты тоқтату құрметіне байланысты емес»,—деп толықтырды кеңесші.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы уәкілі Кит Келлог Украинаға жыл соңына дейін президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Ол сайлау Украинадағы демократия үшін маңызды екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер