Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады

810
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін – Ұлттық басылым күні.

2023 жылы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 1913 жылдың 2 ақпанында алғаш рет шыққан “Қазақ” газетінің 110 жылдығына орай  дәл осы күнді атаулы дата ретінде бекіткен еді.

Екінші рет атап өтіліп жатқан мерекемен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

"Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді" ,- деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әр кезеңде жарық көрген басылымдар ұлт мүддесіне адал қызмет етіп келгенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, аға буын журналистер қалыптастырған дәстүрді бүгінгі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып, шынайы ақпарат тарату мен жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалысып жүр.

Сондай-ақ, Президент газет-журналдар алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер