Жырақта, Иракта бас бостандығынан айрылған. Қазақстандық әйелдер елден көмек сұрайды

1502
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru

Иракта өмір бойына бас бостандығынан айрылған алты қазақстандық әйел ел үкіметінен көмек сұрап, кері қайтаруды өтінді. Олар Бағдаттағы түрмеде сегіз жылдан бері жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсив Медиа басылымына сілтеме жасап.

"Воздух свободы" қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Умирова бұл әйелдердің 2021 жылдан бері ауыр жағдайда екенін айтты. Олардың сөзінше, жазықсыз сотталып, заңсыз қамауға алынған. Бостандық талап етіп, тіпті түрмеде аштық жариялаған. Алайда түрме әкімшілігі оларға медициналық көмек көрсетпеген.

"2024 жылдың қазан айынан бері біз олардың ісін қайта қарату үшін жұмыс істеп келеміз. 2017 жылы бұл әйелдер қателік жасап, шетелге кеткен. Жастарымыздың көбі сол кезде адасты, қауіпсіздік іздеп, қателескен. Бірақ оларды ДАИШ-тің жақтастары деп қарауға болмайды", – дейді Жанна Умирова.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі бұл істі қарастырып жатыр, алайда үкіметтің нақты қандай шара қабылдап жатқаны белгісіз.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында сотталған әйелдердің бейнеүндеуі көрсетілді.

"Біз қателік жасағанымызды түсінеміз. Біз соғысуға емес, күйеулерімізбен бірге еріп келген едік. Отанымызға, туыстарымызға оралып, жаңа өмір бастауға көмектесулеріңізді сұраймыз", – делінген үндеуде.

Оралдық сотталған әйелдердің бірі – Роза Мансұрованың анасы Мәрзия Медетова қызының артынан қалған үш немересін бағып отырғанын айтты.

"2013 жылы қызым балаларын алып, күйеуінің соңынан кетті. 2019 жылы немерелерімді елге қайтарды. Қазір оларды жалғыз өсіріп отырмын. Басқа қыздардың ата-анасы келе алмады. Мемлекеттен көмек сұраймыз", – деді ол.

Адвокат Жамбыл Жолгелдиев Ирак билігінің бұл әйелдерді "терроризмге жәрдем берді" деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырғанын айтты.

"Алайда олардың террористерге көмектесу ниеті болмаған. Олар өте жас еді, күйеулерінің артынан еруді парыз санады. Кейін олар соғыстың ортасына түсіп, аман қалу үшін күресуге мәжбүр болды", – дейді адвокат.

Жанна Умированың айтуынша, бұл әйелдер әртүрлі жолдармен Сирияға барған. Бірі Ресей арқылы, бірі Әзербайжан арқылы ұшқан. Олардың жасы сол кезде 18-19-да ғана болған.

Қазір Қазақстан билігі бұл әйелдерді елге қайтару бойынша нақты қандай қадамдар жасап жатқаны белгісіз. Отбасылары мен құқық қорғаушылар олардың тағдырына араша түсуді сұрап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер