АҚШ-тағы апат. Филадельфияда медициналық ұшақ тұрғын үйлерге құлады

1348
Adyrna.kz Telegram
Фото: kp.ru
Фото: kp.ru

АҚШ-та кезекті әуе апаты орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті уақыт бойынша 31 қаңтар кешкі 18:30-да (Қазақстан уақытымен 1 ақпан, 02:30) Филадельфияның солтүстік-шығыс әуежайынан ұшып шыққан Learjet 55 медициналық ұшағы тұрғын үйлерге құлап, жойқын өртке себеп болды.

Ұшақ бортында екі ұшқыш, екі дәрігер, науқас және оның туысы болған. АҚШ-тың Федералды авиация басқармасының мәліметінше, апат әуеге көтерілгеннен 30 секунд өткен соң орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ Коттман даңғылы мен Рузвельт бульвары маңындағы тұрғын үйлерге соғылған. Салдарынан бірнеше үй өртеніп, жанындағы көліктер де зақымданды. Жарылыстан кейін газ құбыры зақымдалып, өртті сөндіру қиындай түсті.

Филадельфия мэрі Шерелл Паркер баспасөз мәслихатында алты адамның ауруханаға жеткізілгенін, бірнеше үйдің қатты бүлінгенін мәлімдеді. Қаза тапқандар саны әлі нақтыланбаған.

АҚШ-тың Fox News телеарнасы апаттың негізгі себебі ұшақтағы отын мен медициналық мақсаттағы оттегі баллондарының қосылуы салдарынан болған жарылыс деген болжам айтты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері McDonald’s мейрамханасының маңынан оттегі баллонын тауып, оны тексеруге жіберген.

Ұшақ толық жанармай құйылған күйде Миссури штатына бағыт алғаны анықталды. Сарапшылардың пікірінше, ұшақтағы медициналық жабдықтардың жанғыш заттармен байланысуы апатқа себеп болуы мүмкін.

Апатқа қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде өз пікірін білдірді.

"Филадельфияда тағы да әуе апаты орын алды. Көз жұмған жазықсыз жандарға қайғырып көңіл айтамын. Федералды органдар оқиғаны толық бақылауға алды. Жедел әрекет ету қызметтері керемет жұмыс атқаруда. Жақын арада толық ақпарат беріледі," – деп жазды ол.

Апаттың видеосы интернетте тарады. Кадрлардан ұшақтың жерге қатты жылдамдықпен құлап, үлкен жарылыс болғанын көруге болады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды. АҚШ-тың авиация қауіпсіздігі басқармасы апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер