Абылай Мырзахметовтің жазасын жеңілдету туралы өтініші қабылданбады

984
Adyrna.kz Telegram
Фото: «Атамекен» ұлттық палатасы
Фото: «Атамекен» ұлттық палатасы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жазасын жеңілдету үшін Павлодар қаласы №2 сотына өтініш берген. Алайда сот оның жазасын жеңілдетуден бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

28 қаңтарда Павлодар қаласының №2 соты Мырзахметовтің жазасын өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл, яғни бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады.

Сот оған қатысты барлық мәліметтерді зерттеп, қатысушылардың пікірлерін тыңдаған. Егер сотталушының мінез-құлқында оң өзгерістер болса, Қылмыстық кодекске сәйкес,  жазаны жеңілдету қарастырылған. Алайда, Абылай Мырзахметовтың мінез-құлқындаөзгерістер жоқ болғандықтан, өтініш қанағаттандырылмаған. Осылайша, оның өтелмеген жазасы жеңілдетілмеді.

Айта кету керек, Абылай Мырзахметов 2023 жылы 10 мамырда ұсталған болатын. Ол 13,9 миллиард теңге жымқырды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер