Оралда көшеде кетіп бара жатқан ер адамға кірпіш құлап, мерт болды

1087
Adyrna.kz Telegram
Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Оралда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйдің үстінен құлаған кірпіштің соққысынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы mgorod.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Молдағұлова көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің жанында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту 15:03-те түскен.

Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, 60-65 жас шамасындағы ер адам үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, басына биіктен кірпіш құлаған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер