Ринат Заитов ауылдардың тағдырына алаңдаушылық білдірді

1090
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке ауылдардың жағдайына қатысты депутаттық сауал жолдады. Ол өз мәлімдемесінде тәуелсіздік жылдарында түрлі даму бағдарламалары қолға алынғанымен, ауылдардың жағдайы күрделі күйінде қалып отырғанын атап өтті.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары елдегі жүздеген ауылдар бос қалып, тіпті мүлде жойылып кеткен. Статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы бес жылда Шығыс Қазақстан облысында – 350, Солтүстік Қазақстан облысында – 635, Павлодар облысында – 352 ауыл қаңырап қалған. Тек 2024 жылдың өзінде Солтүстік Қазақстан облысында 141 ауыл мәртебесінен айырылған.

Ринат Заитов ауыл халқының қалаға жаппай көшуіне негізгі себеп ретінде сапалы инфрақұрылымның, медициналық қызметтің, тұрақты жұмыстың және интернеттің жоқтығын атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселені шешу үшін қазіргі «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» сияқты бағдарламалардың өздері жеткіліксіз, мемлекеттік қолдау аясын кеңейту қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауылдарды дамыту бағдарламаларын бір жүйеге біріктіру туралы ұсынысына тоқталған депутат, бұл мәселеге жүйелі түрде қарау қажеттігін жеткізді.

Осыған байланысты Ринат Заитов Үкімет басшысына төмендегідей ұсыныстарын жолдады:

  1. Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту;
  2. Әр ауылды қажетті техникамен қамтамасыз ету;
  3. Ауылдарды сақтау мәселесін ұлттық деңгейге көтеріп, Үкімет пен облыс әкімдері деңгейінде арнайы мемлекеттік комиссия құру;
  4. Жастарды ауылдық жерлерге тұрақтандыру мен қоныстандыруға бағытталған нақты жоспар әзірлеп, оны халыққа түсіндіру.

Депутат ауылдардың сақталуы – мемлекеттің болашағы екенін баса айтты. Ол Үкіметті бұл мәселеге ерекше назар аударуға шақырып, тиісті шараларды жедел қабылдауды ұсынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер