Бірнеше өңірде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар тәркіленді

2458
Adyrna.kz Telegram
Сурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz

Алматы, Тараз қалалары мен Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар тәркіленді. Бұл туралы бүгін, 27 қаңтарда ІІМ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі табылған.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс бұл бағыттағы жұмыстар министрліктің ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

«Алматы қаласында 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді. Ал Таразда 2 шолақ мылтық пен жауынгерлік арбалет табылды. Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді. Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды»,—делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер