Түркиядағы өрт. 15 адам күдікті деп танылды

2045
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/678f4b66a8e15678f4b66a8e161737444198678f4b66a8e13678f4b66a8e14-960x500.jpg?token=d7813d65088ccb677effb83d8cd4d397
Түркиядағы тау шаңғысы курортында болған өртке 15 адам күдікті деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sabah газетіне сілтеме жасап. Күдіктілердің арасында Болу қаласының мэрінің орынбасары Седат Гюленер мен өрт сөндіру басқармасы директорының орынбасары Кенан Джошкун бар. Олар 25 қаңтар күні сот алдында жауап берді. "Түрмеге жабылған күдіктілердің саны 15-ке жетті," – деп жазды басылым. Өрт болған Grand Kartal қонақүйінің қожайыны болған жайтқа қатысты сотта мәлімдеме жасады. Қонақ үй иесі Халит Эргүл трагедияға толықтай қызметкерлер мен кеңесшілерді кінәлап, шеф-аспазды, асхана қызметкерлерін, электрикті және күзетшілерді ерекше атап өткен. Сондай-ақ, ол сотта бас аспаз асүйдегі асүй құрылғыларына жауап беретінін, ал өрт дабылдары батырмаларына электрші жауап беретінін мәлімдеді. Еске сала кетсек, 21 қаңтарға қараған түні Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортында ірі өрт орын алып, 76 адам қаза тапты. Трагедияға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 22 қаңтарды  жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.
Комментарии