Алматыдағы дүкендерде картоп сатуға шектеу қойылды

6516
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы танымал супермаркеттер желісі картоп сатылымына уақытша шектеу енгізді. Дегенмен қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мегаполисте картоп тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, қаладағы сауда орындарының қоймаларындағы қорлар халық сұранысын толығымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Сонымен қатар, форвардтық сатып алулар аясында супермаркеттерде картоптың келісі 157 теңгеден сатылып жатыр.

Қала билігі кейбір кәсіпкерлердің картопты көтерме түрде сатып алып, оны қайтадан жоғары бағамен сатуға тырысып жатқанын атап өтті. Осындай алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында картопты көтерме сатып алуға уақытша шектеулер енгізілген.

Бұл шектеулер азық-түлік бағасының өсуіне алаңдаған тұрғындар арасында түрлі пікір тудырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін сауда министрлігі Қазақстандағы картоп бағасының өсуіне қатысты пікір білдіріп, кей аймақтарда бағаның 433 теңгеге дейін жеткенін мәлімдеген болатын.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер