Алакөлде апатқа ұшыраған дельтаплан иесіне айыппұл салынды

2425
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

2024 жылы жазда Алакөлде апатқа ұшыраған "SKYPPER 912" дельтапланының иесіне айыппұл салынды және ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Достық" көлік прокуратурасы дельтаплан иесінің әрекетінен құқық бұзушылықтарды анықтады. Ол тиісті рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған. Прокуратура бастамасымен бұл іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, – делінген Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде.

Сот шешімі бойынша, дельтаплан иесі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 380 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ұшу аппараты мемлекет меншігіне алынды.

2024 жылдың жазында Алакөлде "SKYPPER 912" дельтапланы апатқа ұшырап, салдарынан екі адам зардап шеккен болатын. Бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер