23 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар жарлықтарға қол қойды. Оның ішінде абортқа қарсы наразылықтарға қатысушыларды кешіру туралы шешім қабылдады және атышулы оқиғалар құпиясын ашуға бұйырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Голос Америки” сайтының мәліметінше, Трамп президенттік міндетін атқарып тұрған кезде, ол 1963 жылы Джон Кеннедидің, 1968 жылы Роберт Кеннедидің және азаматтық құқықтар қозғалысының жетекшісі Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты үкімет құжаттарын жариялауға пәрмен берді.
«Барлығы ашылады», — деп мәлімдеді Трамп Ақ үйде жарлыққа.
Сайлауда жеңгеннен кейін, 2022 жылдың қараша айында Дональд Трамп өзінің сайлауалды уәдесін қайталап, Джон Кеннедидің өлімімен байланысты соңғы құжаттарды жариялауға уәде берген болатын. Бұл құжаттар «аса құпия» деп белгіленіп, Ұлттық архивте сақталған.
1964 жылы Джон Кеннедидің өлімін тергеуге қатысты ресми комиссия Ли Харви Освальдтың жалғыз әрекет еткенін жариялаған еді. Бірақ Кеннедидің өлімі әлі де түрлі болжамдарға негіз болып келеді.
2022 жылдың желтоқсан айында Ұлттық архив Джон Кеннедидің өліміне байланысты 13 мыңнан астам құжатты жариялады. Алайда Джо Байден әкімшілігі кейбір құжаттарды ұлттық қауіпсіздік себептерімен жариялауды тоқтатты.
Джон Кеннедидің ағасы Роберт Фрэнсис 1968 жылы Лос-Анджелесте өлтірілді. Сол кезде ол президенттікке үміткер ретінде басты кандидат болған еді. Ал Мартин Лютер Кинг 1968 жылдың 4 сәуірінде Мемфис қаласында сегрегацияны қолдайтын адам тарапынан өлтірілді. Ол сол жерге қоқыс жиюшылардың ереуіліне қолдау көрсету үшін келген еді.
Сол күні Трамп тағы да бірнеше жарлыққа қол қойды. Оның ішінде 23 абортқа қарсы наразылықтарға қатысушыны кешіру туралы жарлық бар. Трамптың айтуынша, бұл адамдарға қатысты сотқа тарту әділетсіз болған және олардың көпшілігі қарт адамдар.
Сонымен қатар, Трамп Сиэтлдегі судьяның туған жері бойынша азаматтық алу құқығын шектеу туралы жарлығын уақытша тоқтату туралы шешіміне қарсы шағымданатындығын мәлімдеді.
Трамптың сол күні қол қойған тағы бір жарлығы – Солтүстік Каролинадағы Лумби тайпасына федералдық тануды қамтамасыз ету туралы жоспарды дайындау.
Айта кетейік, бүгін Трамп Солтүстік Каролинадағы «Хелен» дауылының апатынан зардап шеккен өңірлерді көру үшін сапарға шығады.