Қаскелең мен Алматы арасындағы жол 8 жолаққа дейін кеңейтіледі

1535
Adyrna.kz Telegram
Сурет: crusandr.livejournal.com
Сурет: crusandr.livejournal.com

Қаскелең мен Алматыны жалғайтын жол 4-тен 8 жолаққа дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Жолдың кеңейтілуі нәтижесінде аталмыш учаскеден күн сайын 90 мыңға жуық көліктің емін-еркін өтуі үшін жағдай жасалмақ. Ал қазір бұл жолмен тәулігіне 60 мыңнан аса темір тұлпар қатынайды.

Уақытты үнемдеуге, көлік қатынасын жақсартуға септігін тигізетін жобаның құрылысы екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелеңге дейінгі учаске, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылының бұрылысына дейінгі аумақ қамтылмақ.

"Қазіргі таңда Алматы-Бішкек республикалық маңызы бар автомибиль жолының 19 және 27-шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжат жасап жатырмыз. Аталған жобада 4 жолақтан 8 жолаққа дейін жолды кеңейту көзделіп отыр. Сонымен қатар 2 жолайрығын сол жобаға қосатын боламыз. Сонымен қатар 12-ге жуық жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарлануда", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Жанат Өтепбергенов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер