Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды

1408
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, ҚФФ жаңа президентіне кезектен тыс сайлау желтоқсан айында өткен болатын. Дэвид Лория негізгі футбол лауазымына үміткерлердің бірі болды, бірақ дауыс беруден бір күн бұрын ол өз кандидатурасын алып тастап, Марат Омаровты қолдады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 36 жастағы басшысы Марат Омаров басым көпшілік дауысқа ие болып, ҚФФ-ның жаңа президенті болды.

 

Давид Лория мансабында "Жеңіс", "Есіл", "Шахтер", "Хальмстад" (Швеция), "Спартак-Нальчик" (Ресей), "Астана", "Ертіс", "Ризеспор" (Түркия), "Қайрат", "Каршияка" (Түркия), "Ордабасы" клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.

Мансабын аяқтағаннан кейін ол "Астана" футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және "Super Bol" жобасында басшылық қызметтер атқарды.

2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер