Президент Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

2067
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұқбатына орай жеделхат жолдады. Бұл туралы бүгін, 20 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!»— делінген жеделхатта.

Еске салайық, 10 қаңтарда қазіргі қазақ әдебиетінің ірі өкілі, «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» «Оң қол», «Ақиқат», «Өліара» сынды классикалық туындылардың авторы, жазушы Төлен Әбдіктің журналист Қанат Әбілқайырға берген сұқбаты  «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еді.

Жазушы әңгіме барысында қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйіне тоқталды.

«Қазақ әдебиетінің бола­шағына күмән келтірмеймін. Бізде талантты ақындар да, талантты жазушылар да жоқ емес. Бірақ сол таланттар мен талантсыздар мидай араласып, жақсылары жамандардан оқ бойы озып, қара үзіп кете алмай жүр. Мәселен, Құдай талант берген, өлеңнің техникасын жақсы меңгерген, ұйқастары шымыр ақындар аз емес. Олардың деніне ортақ бір кемшілік бар. «Жаңа ғасырда әлем қайда бет алды, адамзаттың қандай құндылықтары алға озып барады, шетел ақындары қандай жыр жазып жатыр?» деген секілді сұрақтарға бас қатырмайды. Бір сөзбен айтсақ, көбінің тарих пен бүгінгі заман, қала берді көркем әдебиеттің басты қағи­далары тө­ңірегіндегі көзқарастары тобыр­лық деңгейде. Баяғы ескі дағды­лардан, кеңестік дәуірде бойға сіңген көне түсініктерден арыла алмай жүрген секілді»,—деді қаламгер.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер