Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Жапониядан асып түсті

1608
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/10a75bb3-8893-4b64-a72c-5d38f378be34-960x500.jpeg?token=b1e6f343b46071678af52573f2d69ce0
Speedtest Global Index қызметі 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша интернеті ең жылдам елдер мен қалалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жаңа зерттеуде 154 елдің 200-ге жуық қаласы талданды. Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 57-орынды иеленіп, Испания мен Жапонияның арасында орналасты. Орташа жүктеу жылдамдығы – секундына 53,76 мегабит. Республикамыздағы мобильді интернеті ең жылдам қала – Алматы, одан кейінгі орында Астана тұр. Ал кең жолақты интернет жылдамдығы бойынша еліміз 88-орынға жайғасты (73,67 мегабит/с). Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған елдер қатарында БАӘ, Катар және Кувейт бар. Ал ең төменгі көрсеткіш Ауғанстанда тіркелді. Мұнда жүктеу жылдамдығы бар болғаны 8,2 мегабит/секунд.
Комментарии