Моңғолия мен Франция бірлесіп уран өндіреді

944
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Моңғолия үкіметінің баспасөз қызметі
Сурет: Моңғолия үкіметінің баспасөз қызметі

17 қаңтарда Моңғолия үкіметі мен француздық «Орано Майнинг» компаниясы бірлесіп уран өндіру келісіміне қол қойды. Бұл туралы Моңғолия үкіметінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоба аясында 68,9 мың тонна уран өндіру жоспарланып отыр. Келіссөз барысында француз тарапы жалпы сомасы 1,6 млрд доллар инвестиция салуға ниетті екенін жеткізді.

Моңғолия премьер-министрі Оюун-Ерден бұл құжат елдің «үшінші көршісімен» жасалған екінші ірі инвестициялық келісімшарт екенін атап өтті.

«Бұл шартты жасасу қоғам мен экономикаға ғана емес, шетелдік инвестициялардың, мемлекеттік және өңірлік бюджеттердің көлемін ұлғайтуға, көптеген жұмыс орнын құруға, жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге тікелей әсер етеді»,—деді ол.

Айта кетейік, Моңғолия жобадан шамамен 5 млрд доллар табады деп күтілуде. 44 миллион доллар жергілікті тұрғындарды, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуды қолдауға арналған жергілікті даму қорына тікелей аударылмақ.

Пікірлер